Ресейдің Владивосток қаласы су астында қалды

683

Бірнеше сағатта айлық жауын-шашынның жартысына жуығы түсіп үлгерген.

Ресейдің Владивосток қаласы су астында қалды

Ресейдің Владивосток қаласында биыл оқу кешірек басталады. Ауа-райының қолайсыздығынан жергілікті билік осындай шешім шығарды.

Бүгін қатты нөсер салдарынан қаланы су басып қалды. Бірнеше сағатта айлық жауын-шашынның жартысына жуығы түсіп үлгерген. 70 мыңға жуық қала тұрғыны жарықсыз отыр. Трамвай желісі уақытша тоқтатылып, су басып қалған қаланы ңнегізгі көшелері жабылды. Жергілікті билік азаматтардан үйде қалуды сұрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу