Ресейдің ЖОО-ларында 67 мыңдай Қазақстан азаматы оқиды

800

Ресейдің ЖОО-ларында 67 мыңдай Қазақстан азаматы оқиды

Қазақстандықтардың ресейлік ЖОО-да тегін білім алу мүмкіндігі туралы Ресейдің білім және ғылым министрлігі басшысы Ольга Васильева баяндады, деп хабарлайды atr.kz

"Қазақстанның азаматтары, Белоруссия, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары мен қатар тең құқықта ресейлік жоғары оқу орындарына түсе алады, бұл оларға осы елдерде ашылған емтихан тапсыру пункттерінде ЕГЭ емтиханын тапсыруына мүмкіндік береді. Ресейдің білім министрлігі Қазақстанның экономикасын дамытуға қажетті жоғары білікті мамандар дайындап шығару үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр", — деді Васильева РИА Новостиге берген сұхбатында.

Оның мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Ресейдің жоғары оқу орындарында 67 мыңдай Қазақстан азаматы оқиды, олардың 26,8 мыңы федералды бюджет есебінен білім алып жатыр, 40 мыңнан астамы өз қаражатымен мамандықты игеруде.
"Ресей ЖОО-на шетелдік азаматтарды қабылдау жоспарына сәйкес, Қазақстан азаматтарына биыл 452 мемлекеттік грант бөлінген", — дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу