БҚО-да Ресейге киік мүйізінің үлкен партиясын заңсыз алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК комитетіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан.
"Сырым авто" бөлімінің шекарашылары Орал – Самара бағытындағы автобусқа мінген 49 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Оның чемоданынан жаңа кесілген киік мүйізінің 148 данасы табылды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз жүктің құны шамамен 196 млн 950 мың теңге болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу