Ресейге 68 мың литр жанармай алып өтпек болған

643

Биыл Қазақстаннан Ресейге заңсыз жеткізілген дизель отыны мен бензиннің жалпы көлемі 68 мың литрден асқан.

Ресейге 68 мың литр жанармай алып өтпек болған

2019 жылдың басынан бері Қазақстаннан Ресейге 12,1 миллион теңгеге заңсыз жанар-жағармай алып өтпек болған. Бұл туралы Ресей Федералдық кеден қызметі (ФКҚ) хабарлады, деп жазады altaynews.kz.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, кеден органдары Ресей Федерациясы әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 16.3 (тыйым салулар мен шектеулерді сақтамау) бабы бойынша іс қозғады.

"Жалпы, 2019 жылдың басынан бері Қазақстаннан Ресейге заңсыз әкелінген дизель отыны мен бензиннің жалпы көлемі 68 мың литрден асып, аталмыш жүктің құны екі миллион Ресей рублін (12,1 миллион теңге) құрады", – деп хабарлайды ФКҚ.

Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан 21 маусымына дейін 77 мың литр бензин тәркіленген. Осы іс бойынша 50 мың рубль (302,5 мың теңге) айыппұл салыныпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу