Ресейге адыраспан тасымалдағандар 7 жылға сотталуы мүмкін

621

Ресейде "адыраспан" тыйым салынған өсімдіктер тізіміне енді. 

Ресейге адыраспан тасымалдағандар 7 жылға сотталуы мүмкін Фото: CC BY-SA 3.0 / Yuriy75

Көрші елге адыраспан ала барған Қазақстан азаматтары жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Министрліктің мәліметінше, биыл ақпан айында Ресей Федерациясында "гармала", яғни жалпақ тілмен айтқанда "адыраспан" өсімдігі тыйым салынған өсімдіктер қатарына енген. 

"Оны сол елге апарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 1 миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал аса ірі мөлшерде тасымалдағаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", - делінген хабарламада. 

Осыған байланысты ІІМ шетелге шығуды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға баратын елдің заңын біліп жүруге кеңес берді. 

"Шет мемлекеттердің аумағында тыйым салынған өсімдіктер мен дәрілік препараттарға назар аудару қажет", - деп хабарлайды дереккөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу