Ресейге бағытталған санкциялардың Қазақстанға әсері азырақ – АҚШ елшілігі

835

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі АҚШ-тың Ресейге бағытталған санкцияларының өзге елдерге әсері туралы жазды.

Ресейге бағытталған санкциялардың Қазақстанға әсері азырақ – АҚШ елшілігі

"Украинадағы жағдай қарқынды дамып келеді. Сондықтан қазіргі уақытта ұзақ мерзімді шаралар мен олардың салдары туралы айту қиын. Деcек те, біз АҚШ санкцияларының Ресей экономикасына бағытталғанын және олардың басқа елдердің, соның ішінде Қазақстанның экономикасына әсерін азайтуға арналғанын атап өткіміз келеді. 30 жылдық серіктестігіміз көрсеткендей, біз Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және нығайтуға көмек беруден айнымаймыз", – деп мәлімдейді елшілік Twitter желісінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу