Ресейге дрондар мен олардың құрал-саймандарын сатуға тыйым салынды

598

Батыс санкцияларына байланысты Ресейге шығаруға тыйым салынған 106 тауардың тізімі жасалды. 

Ресейге дрондар мен олардың құрал-саймандарын сатуға тыйым салынды Фото: Известия

Аталмыш тауарлардың тізіміне дрондар мен электроника түрлері, әскери тауарлар кірді, деп жазады inbusiness.kz.

Бүгін Қазақстанның сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев Ресей нарығына тауарлардың 106 түрін жеткізудің тоқтатылғанын растады.

"Біз 106 түрлі өнімнің экспортын толығымен шектедік. Барлығы әскери мақсатта қолданылатын тауарлар. Мысалы, дрондар, ішкі бөлшектер, мамандандырылған электроника, чиптер мен басқа да ұқсас өнімдер", — деді Төребаев.

Вице-министр өз сөзінде бұл тауарлар Қазақстан аумағында өндірілмейтінін, тек импортталатынын атап өтті, яғни енді шетелден келген тауарды Ресейге қайта сатуға болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу