Ресейге екі тоннаға жуық сыра алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

611

Азамат "Қосақ - авто" өткізу-бақылау бекетінен өтпек болған.

Ресейге екі тоннаға жуық сыра алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

Павлодар шекара отрядының қызметкерлері екі тоннаға жуық сыра тиелген көлігімен Ресейге өтпек болған қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Today.kz ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз бөліміне сілтеме жасап. 

"Қосақ авто" шекаралық бақылау бөлімшесінің шекара наряды 1981 жылы туған қазақстандық азаматты ұстады. Ол өзінің "Мерседес" автокөлігімен Ресейге қарай, ешқандай рұқсат берерлік құжаттарсыз 1800 жәшік сыраны әкетіп бара жатқан екен. Жүктің жалпы салмағы 2 тоннаға жуық (1900 килограмм)", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу