Ресейге экспортталуға тиіс 60 тонна пияз шекарадан өтпей қалды

735

Ресейге экспортталуға тиіс 60 тонна пияз шекарадан өтпей қалды

Новосібір облысы бойынша Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының инспекторлары  "Карасук" бақылау бекетінде Қазақстаннан барған 60 тонна пиязды өткізбеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстаннан шыққан өнімдер автомобиль арқылы Новосібірге жеткізілуі керек болған.

"Карантинді санитарлық бақылау жүргізу барысында өнімнің атауы, қайдан шығарылғандығы, экспорттаушы және/немесе кері экспорттаушы жайлы ақпарат беретін таңбаларының жоқтығы анықталды", - дейді басқармадан. 

Халықаралық заңнама талаптарына сәйкес, өнімдерді Ресей Федерациясының аумағына тасымалдауға тыйым салынып, барлығы Қазақстанға қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу