Новосібір облысы Купинск ауданындағы Сладкое көлінің Ресейге қарасты бір бөлігі демаркациялық жұмыстардан кейін Казақстанға берілді, деп хабарлайды "Коммерсантъ".
Аудан әкімшілігі мемлекеттік және муниципалдық мекемелерді жергілікті тұрғындарға шекаралық тәртіп пен мемлекеттік шекара тәртібін регламенттейтін федералдық заңнаманы бұзуға болмайтынын түсіндіруге шақыруда.
Жергілікті әкімшіліктен Сладкое көліне жазда Новосібірден де Омсктен де аңшылар көп келетінін айтады. Дегенмен, Купинск ауданының әкімі Владимир Шубник Сладкое көлі туралы "жартылай көл-жартылай батпақ, түк пайдасы жоқ" деген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу