Ресейге қарсы санкция Қазақстан мұнайына әсер етпейді

545

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев Ресейге қарсы санкциялар қазақстандық мұнайдың басқа мемлекеттер аумағы арқылы транзитіне әсер етпейтінін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресейге қарсы санкция Қазақстан мұнайына әсер етпейді

"Қазақстан мұнайы басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен өтсе де, санкцияларға жатпайды", – деді Қарабаев сейсенбі күні өткен брифингте.

Оның айтуынша, мұнай сатып алушылармен көптеген түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

"Әзірге мұнайымызды сатуда еш қиындық көрген жоқпыз", – деп қосты Қарабаев.

"ҚазМұнайГаз" – мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүддесін білдіретін көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу