Ресейге қарсы санкциялар бекітілді

533

Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін мақұлдады. 

Ресейге қарсы санкциялар бекітілді Фото: RT

Бұл жолғы шектеулер 70 жеке тұлға мен 30 заңды тұлғаға қатысты болмақ. Сондай-ақ "Дружба" құбырының оңтүстік тармағы бойынша мұнай жеткізуге және тауар тасушы ресейлік тіркемелерді өткізуге де тыйым салынады. 

ТАСС  агенттігіне жарияланған Еуроодақтағы Польша елшісінің мәлімдемесінде "Бұл жолғы санкцияға балаларды заңсыз депортациялау сияқты құқық бұзушылыққа жауапты тұлғалар ілініп отыр. Бұдан бөлек Ресейдің әскери әрекеттерін қолдау мақсатында шектеулерді айналып өтіп жатқан компаниялар да тізімге кірді" - делінген. 

Еурокомиссия өкілдері осы 11-ші пакет шеңберіндегі санкциялар жыл сайын 11 миллиард 400 миллион евроға бағаланатын сауда-саттыққа тоқтау салатынын мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу