Ресейге қарсы санкциялар Словакияның мыңдаған компанияларын дағдарысқа ұшыратты

446

Сәуір айында ғана 2636 кәсіпорын жабылды.

Ресейге қарсы санкциялар Словакияның мыңдаған компанияларын дағдарысқа ұшыратты Фото: UraFinance

Словакияда 2022 жылы Ресейге қарсы санкциялар мен коронавирустың салдарынан 6 мыңға жуық компания жабылды. Бұл туралы inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Америкалық Dun & Bradstreet аналитикалық компаниясының зерттеуіне сәйкес, 2022 жылы Словакияда 5684 компания, оның ішінде 236 акционерлік қоғам жұмысын тоқтатты. Әсіресе, 2022 жылдың сәуірінде жабылған кәсіпорындар саны рекордтық көрсеткішке (2636 кәсіпорын) жетті. Салдарынан дәл осы кезеңде республиканың өзін-өзі жұмыспен қамтыған 38,9 мың тұрғыны өз қызметін тоқтатты. 

Dun & Bradstreet сарапшысы Петр Степановтың айтуынша, көптеген компаниялардың жабылуы Covid-19 пандемиясының, Украинадағы қақтығыстың және одан кейінгі Ресейге қарсы санкциялардың салдарымен байланысты.

Братислава Мәскеудің Украинадағы әрекеттерін айыптайды және Киевті барлық жағынан қолдайтынын еске салымыз. Словакия экономикасы елдің Ресей Федерациясымен сауда-экономикалық қатынастарының деңгейімен тікелей байланысты болғанына қарамастан, Словакия билігі Ресейге қарсы санкцияларды одан әрі күшейтуді құптап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу