"Ресейге қарсы санкцияларды бұзатын жобалардан шығуға дайынбыз"

604

Қор санкциялардың сақталуын мұқият қадағалайды.  

"Ресейге қарсы санкцияларды бұзатын жобалардан шығуға дайынбыз"

"Самұрық-Қазына" Қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Ресейге қарсы санкцияларды бұзатын жобалардан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Осы компаниялармен жасалған келісімдердің барлығында санкциялық тармақтар бар. Ол "Самұрық-Қазына" қоры компанияларының шығынсыз шығуын көздейтін санкциялық келісімді қамтиды", – деді Сәтқалиев.

Оның айтуынша, қор санкциялардың сақталуын мұқият қадағалайды.

"Біз реттеуші органдармен, Сыртқы істер министрлігімен, тиісті қызметтермен, атап айтқанда, АҚШ OFAC-пен тұрақты байланыстамыз, дипломатиялық корпуспен, шет мемлекеттердің елшілерімен жұмыс істейміз, тәуекелдерді болдырмау, компаниялар мен активтерге қатысты санкцияларды болдырмау үшін тиісті консультациялар жүргізіп жатырмыз", – деп атап өтті спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу