Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакеті келесі аптада жариялануы мүмкін

732

Шектеулер Ресейдің банк саласына, энергетикалық шикізатын жеткізуге енгізілмек.

Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакеті келесі аптада жариялануы мүмкін

Еуропалық Одақ алдағы аптада Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін жариялауы мүмкін. Бұл туралы Еуропалық комиссия (ЕК) төрағасының орынбасары, транспаренттілік мәселелері жөніндегі еурокомиссар Вера Юрова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол шектеулердің Ресейдің банк саласына, энергетикалық шикізатын жеткізуге салынатынын айтты.

Юрова Еуропалық Комиссия ең қатаң санкцияларды салуды көздеп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, қара тізімді ұйымға мүше елдер барлық мақұлдаса, шектеулер күшіне енеді. 

Ескере кететін жайт, сәуір айының алғашқы күндеріндегі жағдай бойынша Еуропалық Одақ елдері Ресейдің 35 млрд еуро тұратын активтерін (шамамен 40 миллиард доллар) бұғаттады. Оның 23,5 млрд еуросын Франция шектеді. Бельгияға 10 млрд еуро, Италияға 1 млрд еуро тиесілі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу