Ресейге қарсы санкциялардың бір ұшы Қазақстанға тиюі мүмкін

852

Түркия, Қазақстан мен араб мемлекеттері еуропалық шектеулерге түсуі ықтимал.  

Ресейге қарсы санкциялардың бір ұшы Қазақстанға тиюі мүмкін Фото: РИА Новости

Еуропалық Одақ (ЕО) сәуір айының соңына дейін Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін қабылдауы мүмкін. Бұл туралы "Известияға" Ресеймен байланыс жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының (D-RU) қатысушысы, Хорватиядан еуродепутат Иван Вилибор Синчич мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Politico газеті ЕО католиктік Пасхадан кейін, яғни 10 сәуірде Ресейге қарсы шектеулердің 11-ші пакетін талқылауды бастауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, кезекті шектеу шаралары Ресейге енгізілген санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік беретін "тетіктерді жабуға" бағытталатын болады.

Еуропалық Одақ Ресейге енгізілген шектеулерді айналып өтуге көмектесетін Үшінші елдерге санкцияларды кеңейтуі әбден мүмкін. Бұл туралы Германиядан Еуропарламент депутаты Гуннар Бек мәлімдеді. Алайда, оның айтуынша, мұндай шара бірден емес, кезең-кезеңімен қолға алынады. Сонымен қатар, Ресеймен байланыс жөніндегі ЕП делегациясының (D-RU) қатысушысы, Хорватиядан еуродепутат Иван Вилибор Синчич Түркия, Қазақстан мен араб мемлекеттері еуропалық шектеулерге түсуі мүмкін екенін айтты.

"Бұл Батыстың шарасыздықтан жасаған соңғы қадамы болады", - деп қосты ол.

Санкцияларды Үшінші елдерге тарату мүмкіндігі туралы бұрын Ақ үйде де хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу