Ресейге кеткен 18 жастағы шымкенттік жігіт тікелей эфирде өзіне қол салды

1218

Оның көрші елге ақша табу үшін кеткеніне 3 күн ғана болыпты.

Ресейге кеткен 18 жастағы шымкенттік жігіт тікелей эфирде өзіне қол салды

Шымкент қаласының 18 жастағы тұрғыны Ирфан Ахмеджанов Ресейде өзіне қол салып қайтыс болды. Жантүршігерлік әрекетін ол әлеуметтік желінің тікелей эфирі арқылы жүзеге асырған, деп жазады elitar.kz. 

Отбасының танысы Светлана Саенконың айтуынша, осыдан үш күн бұрын ғана Ирфан ақша табу үшін Ресейге жұмыс істеуге кеткен екен. Ол жігіттің суицидке өздігімен барғандығына күмән келтіреді, алдына қойған жоспарлары көп еді дейді. 

30 қаңтарда Новый Уренгой қаласының полициясына бозбаланың тікелей эфирде өзіне қол салғалы жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Ирфанның ата-анасының ұлдарын туған жерге алып келуге қаражаты жоқ. Сондықтан, әлеуметтік желілер арқылы жомарт жандардан көмек сұрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу