Ресейге "көмектескен" 2 қазақстандық компания санкция астында қалды

658

Олар радиоэлектроника тауарларын сатқан.

Ресейге "көмектескен" 2 қазақстандық компания санкция астында қалды Фото: gmk.center

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Журналистер министрден "Қазақстанда Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектескен қанша компания санкцияға ілінді? Олар қандай тауар сатқан?" деп сұрады.

"Бұл сұраққа біз бірнеше рет жауап бергеміз. Біз ешкімге көмектеспейміз. Қазақстанның мүддесін қорғап, экономикаға керекті нәрсені жасаймыз. Біз ешкімге көмектесіп отырған жоқпыз. Өзіміздің экономикалық мүддемізді қорғау үшін жұмыс істеп отырмыз", - деп жауап берді Шаққалиев.

Тілшілер АҚШ Сауда министрлігі жариялаған санкцияға астында қалған компаниялардың ішінде отандық компаниялар барын айтып, олар немен айналысқанын нақтылады.

"АҚШ-тың ресми ақпараты бойынша 2 компания бар. Басқа компаниялар туралы бізде ақпарат жоқ", - деп қысқа қайырды ведомство басшысы.

Арман Шаққалиев аталмыш компаниялар радиоэлектроника тауарларын сатумен айналысқанын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу