Ресейге Маңғыстаулық ұлутасты теңіз арқылы тасымалдау қалпына келтірілді

1726

Соңғы рет Баутинодан ұлутас теңіз арқылы 1992 жылы тасымалданған.

Ресейге Маңғыстаулық ұлутасты теңіз арқылы тасымалдау қалпына келтірілді

"Баутино" Ақтау порты жүк ауданынан Каспий теңізі арқылы Астраханьға 2500 тонна маңғыстаулық ұлутас жөнелтілді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз-қызметі.

Соңғы рет Баутинодан ұлутас теңіз арқылы 1992 жылы тасымалданған. Ертеректе бұл өнім Қазақстаннан темір жол арқылы тасымалданған болатын.

Маңғыстауда ұлутасты 60-шы жылдардың соңында өндіре бастады. Бұл тас берік және сапалы құрылыс материалы сияқты көптеген қасиетке ие.

"Саура" карьерінде өндірілетін бірегей құрылыс материалы, айына екі рет, тұрақты түрде "Каспийский" Сауда үйі" ЖШҚ астрахандық кеме компаниясының "Волго-Балт – 216" жүк кемесімен тасымалданатын болады.

Құрылыс жүгін теңіз арқылы тасымалдауды жаңғыртуға байланысты іс-шараға "Волга – СНАБ" ЖШҚ өкілдері-бас директордың орынбасары Михаил Базелюк және компанияның коммерциялық директоры Надежда Староверова, Ақтау портының президенті Абай Түрікпенбаев, "Баутино" ГР бастығы Мырзабек Сақтағанов қатысты.

А.Түрікпенбаев қонақтарға қазақстандық порт инфрақұрылымының мүмкіндіктері туралы хабардар етті және Каспий бойынша теңіз жүк тасымалына сұраныстың артып келе жатқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу