Ресейге салынған санкциялар “Қазатомөнеркәсіп” қызметіне айтарлықтай әсер еткен жоқ

736

Ресей мен Украина арасындағы туындаған белгісіздік уранның спот бағасының, ұлттық валютаның айырбас бағамының және компанияның бағалы қағаздарының бағамының айтарлықтай құбылмалылығына әкеліп соқтырғанымен, санкциялар “Қазатомөнеркәсіп” қызметіне айтарлықтай әсер еткен жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресейге салынған санкциялар “Қазатомөнеркәсіп” қызметіне айтарлықтай әсер еткен жоқ

"Бүгінгі күні санкциялар топтың қызметіне айтарлықтай әсер еткен жоқ, дегенмен Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс салдарынан туындаған нарықтық белгісіздік уран бағасының, ұлттық валютаның айырбас бағамының айтарлықтай құбылмалылығына әкелді", – деп жазылған компания таратқан хабарламада.

Компания санкциялардың дайын өнімді тасымалдауға ықтимал әсерін үнемі қадағалап отыратындын жеткізді, өйткені оның бір бөлігі Ресей арқылы тасымалданады.

Қазақстанның уран мен оның қосындыларын, сирек металдарды, атом электр стансаларына арналған ядролық отынды және арнайы техниканы экспорттау жөніндегі ұлттық операторы "Қазатомөнеркәсіп" компаниясын "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу