Ресейге шабуыл жасалса, Солтүстік Корея көмекке баруға уәде етті

276

Ресей Федерациясы мен КХДР-дің жан-жақты стратегиялық серіктестігі туралы келісім қатысушылардың біріне қауіп төнсе өзара көмек көрсетуді көздейді. 

Ресейге шабуыл жасалса, Солтүстік Корея көмекке баруға уәде етті Фото: gazeta.ru

Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ким Чен Ынмен келіссөздер мен құжатқа қол қою қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгін қол қойылған жан-жақты серіктестік туралы шарт, оның ішінде осы шартқа қатысушылардың біріне қарсы агрессия болған жағдайда өзара көмек көрсетуді көздейді", - деді Путин.

Сонымен бірге, Ресей Федерациясының Президенті АҚШ пен басқа НАТО елдерінің Ресей аумағына соққы беру үшін жоғары дәлдіктегі қару-жарақ жүйелерін, F16 ұшақтарын және басқа да ұқсас қару-жарақ пен техниканы жеткізу туралы мәлімдемелеріне назар аударды.

"Бұл тек мәлімдеме ғана емес, қазірдің өзінде іске асырылған шара және мұның бәрі — әртүрлі халықаралық міндеттемелер шеңберінде Батыс елдері қабылдаған шектеулерді өрескел бұзу", - деп атап өтті Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу