Ресейге "Сила Сибири – 2" газ құбырын Қазақстан аумағы арқылы өткізу ұсынылды

979

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Мәскеуге ресми жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новакпен кездесті.

Ресейге "Сила Сибири – 2" газ құбырын Қазақстан аумағы арқылы өткізу ұсынылды

Ресейге "Сила Сибири-2" газ құбырын Қазақстан арқылы салу ұсынылды. Мұны еліміздің Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ресейлік әріптесі Александр Новакпен Мәскеуде өткен кездесуі барысында айтты. Яғни аталған құбырды Қазақстан аумағынан өткізіп, әрі қарай "Батыс-Шығыс" жүйесіне қосылу мүмкіндігі ұсынылып отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Айта кетсек, "Сила Сибири-2" – Ресей Федерациясынан Қытайға батыс бағыт бойынша газ жеткізуге арналған жоба. Сондықтан Қазақстанның ұсынысы қолдау тапса, елдің шығысын газдандыруға мүмкіндік болады.

Мамандардың айтуынша, Сарыбұлақ газ кен орны көлемінің шағын болуына байланысты өңірдің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмай отырған көрінеді. Болашақта осы магистраль арқылы Үкімет елдің шығысы мен солтүстігін газбен қамтамасыз етуді қалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу