Ресейге тауарлардың 106 түрін сатуға шынымен тыйым салынған ба? Министрлік жауабы

380

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми жауабы.

Ресейге тауарлардың 106 түрін сатуға шынымен тыйым салынған ба? Министрлік жауабы Фото: pixabay.com

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейге тауарлардың 106 түрін сатуға тыйым салынғаны туралы ақпараттың дұрыс еместігін ҚР Сауда және интеграция министрлігі ресми түрде мәлімдеді.

"Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынастарын реттеу Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың ережелеріне толық сәйкес жүргізіледі. Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Ресей Федерациясына кез-келген тауарларды экспорттауға тыйым салынбаған", – делінген хабарламада.

Бұл ретте экспорттық бақылауға жататын “қос мақсаттағы" тауарлармен сауда ҚР халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтілген. 

"ҚР заңнамасына сәйкес мұндай тауарларға қатысты экспорт, импорт және транзит кезінде тиісті лицензия алу қажет. Экспорттық бақылау жүйесі қос мақсаттағы тауарларды әкелу, әкету және транзиттеу үшін қажетті рұқсат құжаттарын алуды көздейтін сауда саясатының ерекше саласы болып табылады. Экспорттық бақылау ұлттық құзыретке жатады, ол ЕАЭО туралы Шартта да бар", – делінген хабарламада.

Парламент Сенатының аумағында журналистің сұрағына жауап ретінде Вице-министр Қайрат Төребаев айтқан тауарлардың 106 түрі қос мақсаттағы тауарлар тізбесіне кіреді. Бұл ретте қос мақсаттағы тауарларды экспорттық бақылау халықаралық тәртіпке сай 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу