Ресейге Украина мен Донбасстан 1 миллионға жуық босқын келді

804

Олар елдің 48 аймағындағы 500-ге жуық уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды.

Ресейге Украина мен Донбасстан 1 миллионға жуық босқын келді

Ресейге Украина мен Донбасстан 1 миллионға жуық босқын бас сауғалап қашты, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Соңғы мәлімет бойынша, Ресейге 987 мың адам қоныс аударды. Оның 180 мыңы – балалар. 272 мың – РФ азаматы, 546 мыңы – ДХР және ЛХР азаматтары, 168 мыңы – басқа мемлекеттерден келгендер", – деп жазылған агенттіктің сайтында.

Олар Ресейдің 48 аймағындағы 500-ге жуық уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды. Қазір мұндай пунктерде 32 мыңнан астам адам бар. Оның 11 мыңы – балалар. Қалғандары туыстары мен таныстарының үйлерін паналады.

Көшіп келгендерге Ресей Федерациясы үкіметінің шешімі бойынша 10 мың рубль мөлшерінде біржолғы төлемдер төленеді. Жалпы осы күнге дейін 1 миллиард 201 миллион рубль берілді. 30 мыңға жуық адамға медициналық көмек көрсетіліп, 4 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды.

Табиғат Нұрболат

Фото: regnum.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу