Ресейге жіксіз құбырлардың кезекті париясы жөнелтілді

668

Компанияның І жартыжылдықтағы өнімдер экспорты 2017 жылмен салыстырғанда 19 %-ға өскен.  

 Ресейге жіксіз құбырлардың кезекті  париясы жөнелтілді

Қазақстандық экспорттаушы "KSP Steel" ЖШС Ресейге 93,3 млн  ресей рубль  сомасындағы көлемі 1500 тонна жіксіз құбырдың кезекті топтамасын жөнелтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Компанияның І жартыжылдықтағы экспорты 2017 жылмен салыстырғанда 19 %-ға өскен.  

Биылғы жылдың шілдесінде зауыт API лицензиясын растады (американың  мұнай  институты әзірлеген стандарт).

Айта кетсек, биылғы наурызында "KazakhExport" пен "Альфа-Банк" ЕБ АҚ қазақстандық экспорттаушы "KSP Steel" ЖШС-ға 450 млн ресей рубль сомасына экспорттық сауданы қаржылай қолдау жөніндегі алғашқы мәміле жасаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу