Ресейлік 200-ден астам кәсіпкер "Астана" ХҚО алаңына орналасты

597

Бұл туралы Бішкекте өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форумда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ресейлік 200-ден астам кәсіпкер "Астана" ХҚО алаңына орналасты

"Халықаралық қаржы орталығы жұмысына ресейлік және басқа компаниялар қызығушылық танытуда. Мен тағы да барлығына оның жұмысына мұқият қарауға шақырамын. Оның үстіне Ресейден Қазақстанға 200-ден астам кәсіпкер келіп, халықаралық қаржы орталығының алаңына орналасты", – деді Президент. 

Бұл ретте Мемлекет басшысы оларға көші-қон режимінен бастап, басқа да мәселелерді шешуге дейін барлық қажетті жағдайлар жасалатынын атап өтті.

"Менің ойымша, біз бірге болуымыз керек. 32 жыл билікте болған Кеңес Одағының бір көшбасшысы айтқандай: "Біз азиялықтар бірге болуымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу