Ресейлік алаяқтар қазақстандықтардың шоттарынан 200 млн теңгеге жуық қаржы ұрлаған

1215

Аударылған ақшаның басым бөлігі Москва, Санкт Петербург, Уфа сияқты ірі қалаларға кетіп отырған.  

Ресейлік алаяқтар қазақстандықтардың шоттарынан 200 млн теңгеге жуық қаржы ұрлаған

Ресейлік алаяқтар қазақстандықтардың банк шоттарынан 200 млн теңгеге жуық қаржысын қолды қылған. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев хабарлады. 

Оның айтуынша Ресей территориясынан белгісіз біреулер интернетте жалған жарнама жасап, қазақстандықтарды алдап, есеп шоттарынан ақша ұрлаған. Көбінесе халық өзі аударған екен. Қазіргі уақытта алаяқтарды анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Белгілі болғандай аударылған ақшаның басым бөлігі Москва, Санкт Петербург, Уфа сияқты ірі қалаларға кетіп отырған.  Қожаевтың сөзінше, Минск конвенциясына сәйкес, осы ақшаны қолма- қол алып жатқан тұлғалардың бейнетүсірілімін көру үшін сұрау жіберіліпті, алайда органдар арасындағы процедуралар екі айға созылған. Осы уақыт аралағында банктердергі  бейнекөріністерді сақтау мерзімі аяқталған екен. Сол себепті оларды анықтау қиынға соғып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу