Ресейлік әртіс Рамиля Искандер есірткі саудасымен айналысқан

482

Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Ресейлік әртіс Рамиля Искандер есірткі саудасымен айналысқан Фото: snob.ru

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Рамиля Искандер есірткіні аса ірі мөлшерде сатқан деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ТАСС құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

Тергеу жұмыстары барысында Жаңа Мәскеудің солтүстік-батысындағы Марушкинское елді мекенінде орналасқан Искандер үйінде және оның Subaru көлігі тексерілді. Құқық қорғау органдары екі келіге жуық мефедронды тауып, тәркіледі.

Актрисаға қарсы есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз өткізу туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Пенза облысы ІІМ ММ есірткі айналымын бақылау басқармасы жүргізеді. Ескендір 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пенза облысының Кузнецк қаласында қауіпсіздік қызметкерлері актрисаның сыбайласын ұстады. Оның көлігінен шамамен 10 келі мефедрон табылды. Оған қатысты да қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу