Ресейлік астықты Қазақстан арқылы тасымалдау тарифі 4 жыл бойы өзгерген жоқ

645

Бұған дейін, ақпарат көздері Ресей Қазақстаннан ел аумағы арқылы астық тасымалдау бағасын төмендетуді сұрап отырғанын хабарлаған болатын.  

Ресейлік астықты Қазақстан арқылы тасымалдау тарифі 4 жыл бойы өзгерген жоқ Фото: kazakhnews

Бүгін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі Ресейден Қазақстан арқылы астықты транзиттік тасымалдау бойынша ақпарат берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан аумағы бойынша ресейлік астықты транзиттік тасымалдаудың тарифтік шарттары соңғы 4 жылда өзгеріссіз қалып отыр. Ресейден Қазақстан аумағымен транзитпен астық  тасымалдау көлемі оң серпін көрсетуде. Мәселен, 2022 жылдың 10 айында транзит көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24% - ке (301 мыңға 372 мың) өсті", - делінген ақпаратта.

Бұған дейін, inbusiness.kz сарапшылардың Ресей Қазақстан арқылы астық транзитін ұлғайтуы мүмкін екені туралы қаупін жариялаған болатын. Мамандардың дерегінше, биыл Ресейде 150 млн тоннадан астам астық жиналды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу