Ресейлік атышулы қылмыскердің қызы әкесінің Қазақстанда тұратынына сенімді

15436

Сергей Тимофеев 90-жылдардағы ең қатыгез қылмыстық топты басқарған.  

Ресейлік атышулы қылмыскердің қызы әкесінің Қазақстанда тұратынына сенімді

1994 жылы қайтыс болған Ореховская ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі Сергей Тимофеевтің қызы әкесінің тірі екенін және эксгумация жүргізу қажет екенін айтады.

Карина Харламованың айтуынша оның әкесі Қарағандыда жасырынып жүр, деп жазады inbusiness.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Карина Харламова Ресейдегі ең атышулы қылмыстық топтың жетекшісі, Сильвестер лақап атымен танымал Сергей Тимофеевтің мәйітіне эксгумация жүргізуді талап етті. Ол полицияға Хованский зиратындағы әкесінің қабірін ашуды сұрап, онда басқа адам жерленген деп мәлімдеген. Карина Харламова әкесінің тірі екеніне және Қарағандыда тұратынына нық сенімді.

Сильвестер 1994 жылы 13 қыркүйекте Мәскеудің орталығында Мерседес көлігі жарылған кезде көз жұмған. Оны көліктің салонынан табылған визит карточкасы мен пломбаларынан анықтаған, себебі денесі қатты күйіп кеткен. Сергей Тимофеев 90-жылдардағы ең қатыгез қылмыстық топты басқарған.  

Сильвестерді о дүниеге шығарып салуға оның 300-ге жуық "әріптестері" келген. Араға бір жыл уақыт өтпей адамдар Одессада Сергей Тимофеевке ұқсас адамды көрген. Новгород облысының тумасы Сергей Тимофеевтің тірі екендігі туралы әңгіме арада қанша жыл өтсе де толастар емес. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу