Ресейлік автоөндірушілер Қазақстанда көлік құрастыруды тоқтатуы мүмкін

4585

Ресейлік автоөндірушілер көліктерін Қазақстанда құрастыруды тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ресейлік автоөндірушілер Қазақстанда көлік құрастыруды тоқтатуы мүмкін

Көрші ел басылымдары осылай деп дабыл қағып жатыр. "Ведомости" порталының хабарлауынша, бұған елдегі утилизациялық алым ставкаларының өзгеруі түрткі бола алады. Өндірушілер аталған шара импорттық машиналарға деген сұранысты күрт төмендете ме деп қауіптенеді. Егер утильалым арзандаса не мүлде алынып тасталса, көрші елдің автоконцерндері инвестициялық міндеттемелерін орындай алмауы мүмкін. Ал бұл өндірістің тоқтауына әкеп соғады. Айта кетейін, ресейлік LADA және "УАЗ" автомобильдері Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" зауытында жиналса, Семейдегі "Семаз" зауытында ГАЗ және "Урал" машиналары құрастырылады. Ал Камаздың Ақмола облысында көлікқұрастыру зауыты бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу