Бұдан бұрын кибералаяқтықпен айыпталып, 27 жылға бас бостандығынан айырылған ресейлік Роман Селезнев қайтадан сотталуда. Оған Невада штатында кибербұзу бойынша кінә тағылды. Бұл туралы rg.ru хабарлайды.
Қорғаушысының айтуынша бұл жолы сәуірдегі үкімді қайта қарау туралы өтініш болмақ, себебі ол кезде айыпталуышының "әлсіз денсаулығы есепке алынбаған".
Еске салсақ, ресейлік азамат 2014 жылы кибералаяқтықпен Мальдивте қолға түсіп, Гуамға әкелінген болатын. Ол америкалық 200 компанияның базасын бұзды деген айыппен 27 жылға сотталып, 170 миллион доллар айыппұл төлеуге міндеттелген. Сол кезде айыпталушының әкесі депутат Валерий Селезнев ұлына кесілген кесімді саяси ойын деп баға берген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу