Ал қазақстандық белсенділер мұны "сайлауалды арандату" деп бағалап, тренингтердің өтуіне тыйым салуды ұсынды.
Алекс Лесли деген атпен танымал ресейлік Александр Кириллов әлеуметтік желіде қазақстандық қыздарды қаратуды үйрететіні туралы хабарландыру жариялады.
"Украинада мобилизация жүріп жатқанда, біз Қазақстанға барамыз. Өте қызық болады деп ойлаймын. Сондықтан біз өзіміздің мобилизациямызды жарияладық", – дейді ол.
Оның айтуынша, ол өзінің "қазақ қыздары" тақырыбын жариялауға шешім қабылдады.
"Алматыда екі істің басын қосатын, яғни демалу мен еліктіруді көшелердегі көптеген әдемі қыздармен үйлестірудің ең жақсы нұсқасын ұсынамын! Бүкіл пикапшылар тобы Алматыға барады!", – делінген Леслидің парақшасында.