Ресейлік әуе компаниясы Алматы – Сочи бағыты бойынша қайта ұша бастайды

540

Жолаушыларды тасымалдау "Sukhoi Superjet-95" типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалатын болады.

Ресейлік  әуе компаниясы Алматы – Сочи бағыты бойынша қайта ұша бастайды Фото: yandex.kz

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осылайша, "Азимут" әуе компаниясы 2023 жылғы 28 маусымнан бастап Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. 

Әуе қатынасының қайта жандануы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу