Ресейлік бағалы қағаздар елден шығарылады

322

Қазақстанның бағалы қағаздарының орталық депозитарийі (KCSD) ресейлік бағалы қағаздарды шығару қажеттілігі туралы мәлімдеді. 

Ресейлік бағалы қағаздар елден шығарылады Фото: myfin.by

KCSD клиенттерден 2024 жылдың 1 тамызына дейін ресейлік қағаздарды номиналды ұстаудан шығару туралы бұйрықтар жіберуді сұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тиісті сұрауға жауап бере отырып, мекеме хаттың жіберілгенін растады, бірақ мерзімі 10 тамызға дейін деп көрсетілді.

"Жеке депоненттерге арналған бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне жіберілген хат АҚШ-тың Ресей Федерациясының ұлттық есеп айырысу депозитарийіне қарсы тыйым салатын санкцияларының енгізілуіне байланысты жіберілді. Хатта 10 тамызға дейінгі мерзім көрсетілген. Өйткені Орталық депозитарийдің өзі клиенттердің нұсқауларын қабылдау және өңдеу үшін уақытты қажет етеді", - делінген informburo.kz редакциясы сұрауына жауапта.

KCSD хатта олар көрсетілген күннен кейін RU ISIN-дерімен (қағаз Ресейде шығарылған) бағалы қағаздар бойынша бұйрықтарды орындаудағы ықтимал шектеулер мен қиындықтар туралы клиенттерге алдын ала хабарлағанын қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу