Ресейлік балалар үшін Қазақстанға кіру тәртібі өзгерді

335

Енді шекарадан өту үшін туу туралы куәлік жарамды болып саналмайды.  

Ресейлік балалар үшін Қазақстанға кіру тәртібі өзгерді Фото: ura.news

20 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстанға келетін балалар тек шетелдік төлқұжатпен өтуге міндетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл талап баланың ата-анасымен немесе сенімді тұлғамен бірге саяхаттауына қарамастан міндетті болып отыр. Бұған дейін қолданыста болған туу туралы куәлікпен шекарадан өту тәртібі тоқтатылады.

Егер бала Қазақстанға 2026 жылдың 20 қаңтарына дейін туу туралы куәлікпен кіріп үлгерсе, ол Ресейге осы құжатпен кедергісіз қайта алады.

Дәл осы мерзімнен (20 қаңтардан) бастап мұндай талаптар Ресейден Қырғызстанға, Беларусь, Абхазия және Оңтүстік Осетияға баратын балаларға да қатысты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу