5 қыркүйекте Ресейдегі Сбербанк Қазақстанға Visa және MasterCard төлем жүйелерінің карталарына аударымдарды бастады, бірақ бір күннен кейін, 6 қыркүйекте оларды тоқтатып, клиенттерге қаражатты қайтара бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz Frank MEDIA-ға сілтеме жасап.
"Қазақстанға аударылған ақша қазақстандық банктердің карталарына түскен жоқ. Ең ірі ресейлік банктің клиенттеріне ақша бес жұмыс күні ішінде "комиссиямен қайтарылады" деп уәде берді. Сбербанк қазақстандық несие ұйымдарының аударымдарды қабылдамағанын жеткізді", - деп хабарлайды басылым.
Бұл ақпаратты Қазақстанның бірнеше банкі растады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу