Ресейлік боксшы жекпе-жектен соң қайтыс болды

547

28 жастағы спортшының соққыдан миына қан құйылған.

Ресейлік боксшы жекпе-жектен соң қайтыс болды

Ресейлік боксшы Максим Дадашев АҚШ-та өткізген жекпе-жегінде алған жарақатының салдарынан көз жұмды. Бұл туралы боксшының командасы мәлім етті, деп жазады Prosports.kz.

Максим Дадашев пуэрторикалық Сабриэл Матиасқа қарсы жекпе-жектен соң есінен танып, дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер боксшының миына қан құйылғанын анықтап, оның халі ауыр екенін мәлімдеді.

Бұған дейін 13 жекпе-жегінде қарсыласынан басым болған Максим Дадашев алғашқы жеңілісінен соң көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу