Ресейлік депутат Қазақстанды "денацификациялауды" ұсынды

5336

Оның пікірінше, бұл РФ-ның қауіпсіздігін толық қамтамасыз етеді.

Ресейлік депутат Қазақстанды "денацификациялауды" ұсынды

Ресей Федерациясы Қазақстан, Польша, Молдова және Балтық елдерін "денацификация және демилитаризациялауы" керек. Бұл туралы Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы minval.az-ға сілтеме жасап.

"Украинаны демилитаризация және денацификациялау Украина, Ресей және бүкіл Еуропа халқына тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ресей Федерациясының қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін Украинадан басқа денацификация және демилитаризация аймағына Балтық елдерін (Литва, Латвия, Эстония), Польша, Молдова және Қазақстанды қосу орынды деп санаймын", - деп жазылған ресейлік депутаттың құжатында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу