Ресейлік депутат Татарстанға шабуыл жасаған пилотсыз ұшақтың Қазақстан аумағынан ұшырылғанын мәлімдеді

3610

Қорғаныс министрлігі Татарстанның Елабуга және Нижнекамск қалаларындағы кәсіпорындарға жасалған дрон шабуылына Қазақстанның қатысы жоқ екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресейлік депутат Татарстанға шабуыл жасаған пилотсыз ұшақтың Қазақстан аумағынан ұшырылғанын мәлімдеді Фото: Бейнежазбадан

Кеше Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Андрей Гурулев Татарстанға шабуыл жасаған украиндық дронды Орта Азия даласынан ұшыруға болатындығын жоққа шығармады.

"Кейбір Telegram-каналдарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазылған министрлік таратқан ресми мәліметте.

Ведомство мамандарының пайымдауынша, мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған.

"Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", - деп жазылған министрлік мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу