Кристина есімді бұл тыңдарман Димаштың шығармашылығын 2019 жылдан бері қадағалайды.
"Ди алғашқы секундтарда-ақ менің жүрегімді жаулап алған сияқты. Сол кезде-ақ "Құдайберген (ов)" деген есім жағымды естілді"- деп жазады Ростов облысы Шахты қаласының 28 жастағы тұрғыны.
Кристина 2021 жылдың қаңтарында ата-анасы, сол жылдың сәуірінде әжесі қайтыс болғанын айтты.
"Димаштың әндерін қайта-қайта тыңдадым, жүрегімнің ауырғанын басты. Өмірге деген құлшынысым оянды. Өмір сүруім керек екенін түсіндім. Маған жасаған жақсылығының өтеуіне фамилиясын аламын. Димашқа шексіз рахмет, - деп жазды ол.
Сәуірде заңды түрде тегін өзгерткен тыңдарман "Димаш менің жүрегімді ұрлады, ал мен оның тегін ұрладым", - дейді.
Ол енді Қазақстанға келуге міндетті екенін хабарлады.