Ресейлік ғалым пандемия жазға қарай басылады деп болжауда

874

Бұған дейін Энтони Фаучи есімді америкалық ғалым коронавирус індеті АҚШ-та қазан және қараша айларында тағы да өршуі ықтимал деп болжаған еді.

Ресейлік ғалым пандемия жазға қарай басылады деп болжауда

Ресей Федерациясында Covid-19 таралуының шарықтау шегі әлі алда. Инфекцияның етек жаюы жазға қарай тыйылады. Жергілікті ақпарат құралдары осылай хабарлап жатыр.

Елдегі Федералды медико-биологиялық агенттіктің бас маманы Владимир Никифоровтың айтуынша, келесі аптаның ортасына қарай жұқтыру фактілері күрт көбейе түсуі мүмкін. Никифоров бұл инфекцияның ЖРВИ-ге жататынын айтты. Яғни ЖРВИ тараған кезде жұқтыру көрсеткіші әуелі шарықтап, 10-12 аптадан кейін ғана басылатынын еске салды.

Бұған дейін Энтони Фаучи есімді америкалық ғалым коронавирус індеті АҚШ-та қазан және қараша айларында тағы да өршуі ықтимал деп болжаған еді. Бірақ, оның айтуынша, пандемия күзде қайталанса да, оның қарқыны қазіргідей болмайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың соңында Қытайда жаңа індет тіркелген болатын. Оған мамандар Covid-19 жаңа коронавирусы деген атау берді. 11 наурызда ДДҰ індетті пандемия деп жариялады. Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сенсек, әлем бойынша науқастардың саны 930 мыңнан асқан. Оның шамамен 46 мыңы қаза тапқан. Жұқтыру фактілері ең көп тіркелген елдердің қатарында АҚШ, Италия, Испания, Қытай, Франция бар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу