Ресейлік ғарышкер Балқаш көлінің ғарыштан түсірілген суретін жариялады

84

Бейне кадрлардан көлдің ерекше жарты ай пішіні анық байқалады. 

Ресейлік ғарышкер Балқаш көлінің ғарыштан түсірілген суретін жариялады Фото: Олег Артемьевтің инстаграм парақшасынан

Ресейлік ғарышкер, Ресей Батыры Олег Артемьев әлеуметтік желідегі парақшасында Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) түсірілген Балқаш көлінің бірегей суреттер топтамасын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орбитадан түсірілген кадрлардан көлдің ерекше жарты ай пішіні мен оның айналасындағы ландшафт анық байқалады. Осы орайда жазба авторы әлеуметтік желідегі оқырмандарына сауал тастап, Балқаштың әсемдігіне тәнті болды.

– Сіздер үшін Халықаралық ғарыш станциясы бортынан әр жылдары түсірілген Балқаштың суреттер жинағын дайындадым. Сіздерге қай сурет көбірек ұнады? – деп жазды ғарышкер Instagram-дағы парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу