Ресейлік ғарышкер Каспийдің ғарыштан түсірілген суреттерін көрсетті

76

Ғарышкер Олег Артемьев өзінің Instagram-да Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген Жердің жаңа суреттер топтамасын жариялады.  

Ресейлік ғарышкер Каспийдің ғарыштан түсірілген суреттерін көрсетті Фото: Instagram/olegmks

Оның таңдауына әйгілі шығанақтардың сирек кадрлары енді, олардың арасында – Каспий теңізі және Қара-Бұғаз-Гол шығанағы бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Артемьев жарияланымында Жерді айналып ұшу кезінде суретке түсірген шығанақтардың "өте қызықты топтамасын" дайындауға шешім қабылдағанын атап өтті.

Топтамаға мыналар еніп отыр:

  • Аден шығанағы;
  • Йемен мен Оман жағынан Аден шығанағы;
  • Күн батудағы Парсы шығанағы;
  • Парсы шығанағы;
  • Аустралияның солтүстігі - Карпентария шығанағы;
  • Африканың солтүстігі - Габес, Триполи шығанағы;
  • Коринф шығанағы, Греция;
  • Ормуз бұғазы және Оман шығанағы;
  • Каспий теңізі және Қара-Бұғаз-Гол шығанағы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу