Ресейлік хакерлер Лиз Трасстың жеке телефонындағы мәліметтерді қолды етті

551

Олар Украинаға қару тасымалдау туралы маңызды мәліметтерді көшіріп алуы ықтимал.   

Ресейлік хакерлер Лиз Трасстың жеке телефонындағы мәліметтерді қолды етті Фото: dzen,ru

Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі Лиз Трасстың жеке телефонына Ресей барлау агенттіктерімен байланысы бар хакерлер шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz DW сілтемесімен. The Mail on Sunday ақпаратына сәйкес, бұл оқиға Трасс Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігін басқарған уақытта, консерваторлардың жазғы сайлау науқаны кезінде болған.

Басылымға ақпарат көздері берген мәліметке сәйкес, хакерлер "өте құпия ақпарат", соның ішінде Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысты өзге елдердің СІМ басшыларымен келіссөздердің егжей-тегжейі, сондай-ақ Киевке қару-жарақ жеткізуді талқылауға қатысты маңызды ақпараттарды қолды еткен болуы мүмкін. Олар Трасстың соңғы жылы жазысқан хаттарын жүктеп алған.

Сондай-ақ, хакерлер Трасттың одақтасы және бұрынғы Қаржы министрі Квази Квартенгпен  жазысқан, сол кездегі Премьер-Министр Борис Джонсонға қатысты сыни пікірлері бар хаттарына да қол жеткізген.

Ұлыбритания үкіметі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты, тек "киберқауіптен қорғайтын сенімді жүйелердің бар" екенін атап өтті. BBC және Sky News The Mail on Sunday таратқан ақпаратты тексере алмады.

Ал, оппозициялық саясаткерлер бұл оқиғаға тергеу жүргізуге шақырады. Жарияланған ақпарат "ұлттық қауіпсіздіктің аса маңызды мәселелеріне", соның ішінде ақпараттың неліктен және қалай тарап кеткеніне қатысты, деді Лейбористік партия өкілі Иветт Купер.

"Қауіпсіздік мәселелерінің барлығы ең жоғары деңгейде тексеріліп, шешілуі аса маңызды", - деп атап өтті ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу