Ресейлік инспекциялық кешеннің олқылығынан Қазақстан тауарлары шекарада тұрып қалған

825

Бұдан бұрын Қазақстан-Ресей шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісі бірнеше күн бойы әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Мәселенің мәнісін тілшілер ОКҚ алаңында Сауда және интеграция вице-министрі Жанел Күшіковадан сұрап көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресейлік инспекциялық кешеннің олқылығынан Қазақстан тауарлары шекарада тұрып қалған

"Иә, бұл өткір мәселе. Көптен бері көтеріліп жатыр. Бірнеше апта бұрын тіпті 400-500 көлікке дейін кептеліп, ары өте алмай қалды. Алайда бұл кептелістің кедендік бақылауға қатысы жоқ. Мәселе – шекаралық бақылауда. Әңгіме Батыс Қазақстан жақтағы шекарадан шығып отыр. Ресей жағында инспекциялық-тексеру кешені істен шыққан екен. Сол себепті ресейлік шекарашылар көлікті бір-бірлеп тексеретіні туралы талап қойды. Заңсыз адамдардың немесе тауарлардың өтіп кетпеуін бақылағысы келетіндері белгілі. Осының салдарынан жүк көліктерінің жүргізушілері жол беруге мәжбүр болды. Тауар тұрып қалды. Бұл мәселе шекаралық бақылауға қатысты", - дейді Жанел Күшікова.

Вице-министр бұл мәселе экономикалық одақтың келіссөздерінде көтерілмегенін айтады. 

"Әйтсе де біз бұл мәселені 29 сәуірде Қазан қаласында екі елдің премьер-министрлері кездескен кезде көтердік. Келіссөздер барысында үкімет басшылары бір шешімге келді. Ол бойынша тиісті мемлекеттер органдар аумақтарды жүктердің қозғалысын жүйелендіру үшін келіссөз жүргізетін болды. Осы келіссөздердің арқасында шекарада көліктердің кептелісі қазір жоқ", - деп атап өтті вице-министр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу