Ресейлік инвестор Алматы облысында жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін зауыт салады

655

Жобаның іске асырылуы 2021-2023 жылдарға есептелген.

Ресейлік инвестор Алматы облысында жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін зауыт салады

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов пен "Технониколь" корпорациясының бірлескен иесі және басқарушы серіктесі Сергей Колесников ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді, бұл инвестициялық жобаларды іске асыру және инвестициялық қызметті қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.

Инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жоспарларға сәйкес "Технониколь" Алматы облысының Талғар ауданында минералды оқшаулау және экструзионды пенополистирол негізінде жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін зауыттар салады. Құрылыстың белсенді кезеңіне корпорация 2022 жылға көшеді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу