Ресейлік қадағалаушы қазақстандық сүт өндірушіге салған шектеуді алып тастады

1282

Бұған дейін кәсіпорын өнімдерін Ресейге кіргізуге тыйым салынған еді. 

Ресейлік қадағалаушы қазақстандық сүт өндірушіге салған шектеуді алып тастады Фото: sputniknews.kz

Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметі қазақстандық сүт өндіруші "Зенченко и К" кәсіпорнына салынған шектеуді алып тастады, деп хабарлайды ҚР ауыл шарушалығы министрлігі.

Аталған кәсіпорынмен қатар Айсберг және J.F.M company өнімдері де енді Ресейде еркін сатылады.

"Жақын уақытта аталған компаниялар өнімдерін Ресей нарығында сата алады" делінген министрлік хабарламасында.

"Зенченко и К" Еуразиялық экономикалық комиссияға өнімдеріне салынған тыйымнан кейін, Ресей нарығына кіргізбей жатқаны туралы шағым түсірген еді.

Айта кетейік, ресейлік қадағалаушы қызмет  5 қыркүйекте Армения мен Қазақстанның бірқатар кәсіпорны ветеринарлық-санитарлық норманы бұзды деген желеумен тыйым салған болатын. Ал "Зенченко и К" өнімдерінен ішек таяқшалары табылды деп мәлімдеген. Енді шектеудің алынып тасталғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу