Ресейлік кәсіпкер АҚШ-та 9 жылға бас бостандығынан айырылды

491

Владислав Клюшин кибер алаяқтық үшін кінәлі деп танылды. Кәсіпкер қорғаушылары үкімге шағымданды. Бостондағы сот Ресей азаматынан 34 миллион доллар айыппұл салды.

Ресейлік кәсіпкер АҚШ-та 9 жылға бас бостандығынан айырылды Фото: корреспондент.net

Бостондағы (Массачусетс штаты) сот ресейлік кәсіпкер Владислав Клюшинді 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz АҚШ Әділет министрлігіне сілтеме жасап. 

Кәсіпкер кибер алаяқтық үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, сот Ресей азаматынан 34 миллион доллар (31,7 миллион еуро) өндіріп алып, сот қызметінің шығындарын төлеуге міндеттеді, оның сомасы кейін айтылады.

Айыптаушы тарап Клюшинді 14 жылға соттауды сұрады. Кәсіпкердің қорғаушы жағы үкімге шағымдануға ниетті, деп атап өтті Ресей азаматының адвокаты Максим Немцев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу