Ресейлік көліктер Қазақстанда уақытша тіркелмейді

1237

Қылмысқа қатысы бар және Ресейде есептен шығарылған көліктер жолдағы камера көмегімен анықталады. 

Ресейлік көліктер Қазақстанда уақытша тіркелмейді

ҚР ІІМ осы мәселеге қатысты ресми сауалға жауап берген. Тәртіп сақшыларының сөзінше, армениялық көліктерді уақытша тіркеу үкіметтің арнайы қаулысында жазылған, бірақ мұны Ресейден келген машиналарға қолдану мүмкіндігі жоқ. 

Көрші елде есептен шығарылып, Қазақстанда шетелдік нөмірмен жүрген машиналарды анықтау үшін полицейлер бейнекамераларды қолданады. 

Криминалмен байланысты көліктерді табу үшін Қазақстан мен Ресей ІІМ базалары бірігеді деген қауесет тарады ел арасында. Мұндай жоспар жоқ. Бірақ 2021 жылы Қазақстан ІІМ-нің ақпараттық базасы көлік құралдарының электронды құжат жүйесімен бірігуі мүмкін. Сол кезде полицейлер ЕЭО құрамындағы басқа елдерде тіркелген автокөліктер туралы мәлімет ала алады. 

Айта кетейік, Қазақстан азаматы ЕЭО елдерінен сатып алған көлікті он жұмыс күні ішінде біздің елде тіркеуге тиіс. Ресейлік (беларусьтік, қырғызстандық және т.б.) нөмірі бар көлік иелері машина тіркелген елде техникалық тексерістен өтеді және мұны растайтын құжатты өзімен алып жүруге міндетті. 

Қазақстанға сенімхат арқылы кіргізілген машиналар бір жыл еркін жүре алады, кейін 30 күнге ел аумағынан шығарылуы керек. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу